Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдау басталады. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының тармағына сәйкес, бірінші сыныпқа алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, мектепке қызмет көрсету аумағында тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді. 1-сыныпқа қабылдауға өтінішті беру интернет-портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады school.kst-goo.kz" SAKURA " электрондық мектебі, Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі арқылы egov.kz. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 сәуірден 1 тамызға дейін. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1. Өтініш; 2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет); 3. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/у нысаны-профилактикалық екпелер картасы және "баланың денсаулық паспорты" № 026/у-3 нысаны"; 4. Баланың 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосуреті