Бірге ойнаймыз!
Үйде қызықты және пайдалы ойындар
/ата-аналарға кеңес/
Көшеде жауын-шашын болғанда, осы көңілді шулы ойындарды пәтерде де өте жақсы ойнауға болады.
Күнделікті жаттығумен айналысу балалар денсаулығын дамыту және мол энергияны сыртқа шығару үшін қажет. Егер олар ойын сипатында болса, жақсы, әсіресе, нашар ауа-райында көшеге шықсаң, ал үйде көңілсіз. Сонымен қатар әкесі мен шешесі балаларымен бірге бой жаздырып, көңілденуге пайдалы болады.
Сіздер және сіздердің балаларыңыз үшін 9 көңілді ойындарды ұсынамыз. Ол үшін көп орын қажет етілмейді, ал қажетті реквизит әр үйде баршылық. Бұл жерде спорт нәтижелеріне жету маңызды емес, рахат сезіміне бөлену маңызды, сондықтан ешқандай қатаң бағдарлама болмауы тиіс.
Бұл ойындар ептілік, қозғалмалылық, тепе-теңдік сезімі және ойды шоғырландыру қажеттілігін дамытады.
Ағаш
Бір аяқта тұрып, екінші аяқты бүгу керек және табанмен бірінші аяқ тізесіне тіреу қажет. Бастан жоғары қол саусақтарының ұштары бір-біріне жанасатындай етіп, қолдарды жоғары көтеру керек. (шамамен 4 жастан бастап).
Жылан
Ішіне жатып, үстел және орындықтар астынан жорғалау керек (бұл ойын «еңбектейтін балаларға» да қол жетімді).
Лифт
Еденге отырып, аяқты созамыз, жастық, доп немесе қорапты табанмен көтереміз және тағы да түсіреміз (шамамен 3 жастан бастап).
Кесірткені аулау
Бір бала еденнен айырылмай, ұзын жуан шпагатты тартады. Басқа бала аяғымен шпагат шетін басуға тырысады, осылайша, "кесірткені аулауға" тырысады. Бала кіші болған сайын, жіпті соғұрлым баяу қозғалтқан жөн (жүре алатын балалар үшін).
Кедергімен жүгіру
Барқыт аю, кубиктер, ойыншық автомобиль және басқа ұсақ заттарды кедергі ретінде еденге қою керек және оларды аттау керек (шамамен 2 жастан бастап). Жасы үлкен және ересек балалар үшін басқа жастықты қойып, ойынды күрделендіруге болады.
Артымен алдыға қарай ауға қөтеріледі. Созылған қолмен еденге тіреледі, сосын – аяқпен орындыққа тіреледі (шамамен 5 жастан бастап).
Көтергіш платформа
Еденге отырады, қолды артқа созып, еденге тірейді, аяқ және дене созылған. Денені еденнен тартып, баяу түседі. Егер Сіздің балаңыздың ішінде – «платформада» оның сүйікті жұмсақ ойыншығы жатса, ол мол рахатқа бөленеді (шамамен 4 жастан бастап).
Алты жастағы балалар үшін ойынды күрделендіруге болады: табан еденде емес, төмен орындықта орналасқан.
Кенгуру
Әуе шары (немесе не қиын, мысалы допты) екі аяқ арасына қысып, пәтер ішінде секіреді (шамамен 5 жастан бастап). Әуе шарын сәл үрлесе, ол тез жарылмайды және бала шошынады деген қауіп тумайды.
Көлеңкемен жүгіру
Бір бала пәтер ішінде жүріп, күлкілі қозғалыс пен дене қимылын жасайды. Басқа бала оның көлеңкесін бейнелейді және бірінші баланың барлық қадамдары мен қозғалысын дәл қайталауға тырысады. (шамамен 5 жастан бастап).
Теңіздегі тербеліс
Аяқты кеңінен жазып, бір-біріне қарама-қарсы отырады және бір-бірінің қолын ұстайды. Теңіз толқындары сияқты алға, артқа және жан-жаққа еңкейіп, ауысып отырады. (шамамен 4 жастан бастап).
Темір жол
Бір бала қанат немесе таяқты ұстап, алда, екінші бала артта келеді. Біреуі - паровоз, екіншісі - вагон. Пойыз пәтер ішінде үстел мен орындықтарды айналып, бөлмеден бөлмеге барады (жүре алатын балалар үшін).
Дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы: Исмағұлова Э.Б.