Балалар қозғалыста көп қажеттілікті талап етеді, бала кіші болған сайын бұл қажеттілікті басу қиын болады. Ата-анадан жиі естуге болады: «Шошаңдама! Жүгірме! Секірме!». Баланы тамақ немесе ұйқыдан айыру ойыңызға келмейді ме? Неліктен көбісі баланың қозғалысын шектеу мүмкін деп есептейді? Баланың жұмсамаған энергиясы оны санасыз қылықтарға тартады. Демалыс күні баламен саябаққа барыңыз, өзіңізбен бірге доп, қыста шана алыңыз. Бала емін-еркін шапқылап ойнасын.

Егер сіз жай ғана аулаға шықсаңыз, көшеде тентек балаңыз «буды шығаруға» айқын көмектесетін бірнеше ойындарды мысал ретінде келтіреміз.

Секіргіштер».

Бала өз шанасының жанында тұр. Үлкен адам бұйрығы бойынша бала шананы бойлай жылжып, оның жанында екі аяқпен секіре бастайды.

«Сақ бол, үсіремін!»

Барлық ойнайтын балалар алаңның бір жағына жиналады. «Қашыңдар, сақ болыңдар, қуып жетсем, үсіремін!»,— дейді үлкен адам. Балалар «үйге» тығылу үшін алаңның қарама-қарсы жағына қашады.

«Ақ аюлар».

Бала ақ аюларды бейнелей отырып, бір бүйірден екінші бүйірге ауысып, төрт аяқпен (түзу аяқта тұрып) еңіс бойынша қарлы төбешікке кіреді.  Жоғары көтеріліп, тұрады да төмен қашады.

Кім әрі қарай лақтырады?

Ойыншылар сапқа тұрады. Әрқайсысының қолында бір кесек қар бар. Үлкен адам нұсқауы бойынша: «Оң  (сол) қолмен лақтыр!» — барлығы бір уақытта кесек қарды дуал бағыты немесе басқа бағыт бойынша әр қарай лақтыруға тырысады. Кімнің кесек қары басқаның кесек қарынан әр қарай өтсе, сол жеңген болып есептеледі.

Сіздер өз балаларыңызға уақыт бөліңіз және олармен қыста көшеде ойындарды міндетті түрде ойнаңыз..

Балалармен бірге ойын басында өткізген уақыт БАҒА ЖЕТПЕС УАҚЫТ!