16.04.2024 жылы бөбекжай мен мектептің сабақтастығы бойынша жұмыс және мониторингтік топ жұмысы шеңберінде №4 бөбекжайы " КМҚК-да бөбекжай меңгерушісінің, Қостанай қаласының № 17, №29, №6 мектеп педагогтарының және педагог-психологтың қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті. "Балаларды мектепке даярлау кезінде ата-аналар не білуі керек" тақырыбында балабақша меңгерушісі А.К. Кубекова, "Балалардың мектепке дайындығы мониторингінің нәтижелері" тақырыбында педагог-психолог Е. С. Каткенова баяндама жасады, сондай-ақ мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері болашақ бірінші сынып оқушыларын даярлау бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Ата-аналарға барлық сұрақтарға жауап берілді. Ата - аналарға жиналыс соңында "Жақында мектепке" жадынамалары ұсынылды, сондай-ақ педагог-психолог ата-аналарға жеке кеңес беріп, балалардың танымдық дамуы мен мектепке дайындығы бойынша ұсыныстар берді. Педагог-психолог: Каткенова Е.С.
https://kst-4sad.edugov.kz/kz/mektepte-dajyndy/564-balalardy-mektepke-dayarlau-kezinde-ata-analar-ne-bilui-kerek.html#sigFreeId2ce1256c67