Президент күні.

Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. Бұл мереке балабақшада да аталып өтілді. Балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көрсетіліп,сұрақтар қойылды. Балалар тақпақтарын айтып,"Туды құрастыр"ойынын ойнады.