Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театрында «Маугли» атты ертегі қойылды. Осы ертегіге 4 балабақшадан мектепалды даярлық «Көбелек» тобының балалары барды. Балаларға қойылым өте қызықты да,көңілді өтті. Балалардың ертегі тыңдап қана қоймай, ертегіні қарауға деген қызығушылықтары мен ынталары артты. Ертегіні қарау барысында балалар көтеріңкі көңіл-күй алды, ал ертегі балаларға жағымды  да,тамаша керемет көңіл-күй сыйлады.

Театр мерекелік және қызықты ойындарға толы.Балаларға ешбір теңдесі жоқ, зор қуаныш әкеледі. Мектеп жасына дейінгі балалар өте әсерленгіш, олар әсіресе эмоциялық ықпалға берілгіш. Сәбилердің нақты ойларына көркем шығарманың сахнаға бейімделуі сол шығарманың мазмұның дұрыс және ашығырақ түсінуге көмектеседі. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту існе байланысты мақсаттарды шешуде сахна (театр) ерекше рөл атқарады.