Бүлдіршіндерге ең қызықты да, ғажайып сәттердің бірі ол Жаңа жыл мерекесі. Біздің"Қуаныш" тобының балалары да осы мерекеге арналған ертеңгілікке қатысып, Аяз атадан сыйлықтарын алып қуанып қалды.


Ортаңғы "Қуаныш" тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбеші:Шайжан А.Н

Білім беру саласы:"Шығармашылық"

Пән:Сурет салу

Өтпелі тақырып:"Киім мен аяқ киім"

Тақырыбы:"Атаның тақиясы"

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік:Адамгершілікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық:Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.

3.Оқыту:Қазақтың ұлттық бас киімі- тақияны ою- өрнектерімен әшекейлей білуге үйрету.


Куаныш Барлығымыз бала кезімізден бастап ертегілерді жақсы көреміз. "Қуаныш" тобының балалары бүгін тағы бір жаңа ертенімен танысып, ертегі кейіпкерлерін сомдады. Сонымен қатар әр балаға берілген жеке карточкалармен қызығушылық танытып жұмыс жасады.

Бала болған соң барлық балалар ойын ойнағанды жақсы көреді. Балабақшада білім беру бізде ойын түрінде өтеді. Сол себепті де біздің бүлдіршіндер бос уақытында да ойын арқылы дамып жатады. Түстерді, пішіндерді бекітеді, көп аз ұғымдарымен танысады. Сонымен қатар дәстүрден тыс әдіс тәсілдерді қолдану арқылы суреттер салуға да үйренеді. Осындай жұмыстар жүргізу кезінде балалардың шығармашылықтары дамиды.